Құқық бұзған шетелдіктерден 5,1 миллион теңге өндірілді
Облыс аумағында рейдтік іс-шаралар барысында қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін 2000-ға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 986 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184-і елден шығарылған.
Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркелсе, 43 шетелдік тарапынан қылмыс жасалған. Оның көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары тарапынан орын алды.
Жыл басынан облыс аумағына қоныс аударған шетелдіктер саны өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға азайды.
Жалпы түрлі әкімшілік құқық бұзған шетелдіктерден 5,1 млн. теңге өндірілді. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке қазақстандық 10 жұмыс беруші тартылды.
Жыл басынан полиция қызметкерлері тек Атырау қаласында 50 мың шетелдікке
жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған патенттер рәсімдеген. Олардың басым бөлігі Өзбекстан елінің азаматтары.