Мешітте намаз оқуға рұқсат берілді
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ережелер бекітілді.
2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек және олардың дене қызуы өлшенеді.
Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілмеді.
Бұл отырыста театрлардың жұмысы да талқыланды. Театр залын 30%-ға дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек. Міндетті түрде әлеуметтік арақашықтық пен бетперде тағу талабы сақталады.