Samsung компаниясының төрағасы қайтыс болды
Әлемге әйгілі Samsung компаниясының төрағасы 78 жастағы Ли Гон Хи 25 қазанда Сеул ауруханасында көз жұмды. Кәсіпкердің мұрасына Оңтүстік Корея прокуратурасы алаяқтық жасады деп күдіктенген оның ұлы Ли Чжэ Ен ие болды.
Атақты кәсіпкердің өлімі туралы Ренхап агенттігі хабарлады.
Өлімнің себебі нақтыланбаған.
Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған.
2014 жылы Ли Гон Хи жүрек талмасына ұшырады. Содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы әрі топтың еншілес компаниясы – Samsung Electronics-тің вице-президенті Ли Чжэ Енға өтті.
Алайда оңтүстіккореялық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ли Чжэ Ен концернде билікке қол жеткізу мақсатында корпорация құрамындағы компанияларды біріктіруде заңсыз алаяқтыққа барғаны туралы прокуратура тарапынан күдікке ілінген.