Браконьерлер 20 миллионнан астам айыппұл төледі
Биыл Атырау облысында балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 20 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, балық ресурстарын қорғау мақсатында полиция мен шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске баса мән берілген.
– Биыл браконьерлікке қарсы пәрменді жұмыстардың нәтижесінде балық қорғау заңнамасын бұзған 1 886 дерек анықталды. Оның ішінде 1 050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, – деді Артур Сәдібекұлы