106 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Атырау полицейлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуы мен көлік апаттарының алдын алу мақсатында жан-жақты шаралар жүргізуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Солардың бірі – жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік басқарғандарды анықтау, жауапкершілікке тарту.
Патрулдік полицейлер облыс орталығынан «Nexia» автокөлігін тоқтатып, тексерген. Тексеру барысында, рөлді басқарған 27 жастағы азаматтың осыдан үш ай бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 612-бабының 3-бөлімі «Жүргізуші құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Автокөлігі айып тұрағына қойылып, өзіне сот шешімімен 97 230 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жыл басынан Атырау қаласы аумағында осындай жүргізуші құқығынсыз көлік басқарған 106 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 32-сі сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынған.