Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. ҚазАқпараттың мәліметінше, бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты.
Оның мәліметінше, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен алаңында қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін жедел шешетін Жобалық кеңсе жұмыс істейді. Оның аясында кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту үшін қызметтер кодының тізбесі кеңейтілді, қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетілді, жергілікті атқарушы органдар үшін жергілікті қамту бойынша KPI белгіленді.
Аталған тетіктерге қосымша Өнеркәсіпті дамыту қоры деп аталатын жаңа тиімді тетік пайда болады. Қазақстанның машина жасауды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2019–2024 жылдарға арналған саланы дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 8 айының қорытындысында машина жасау саласы 16 пайыз өсім көрсетті.