Қаулыға тағы өзгерістер енгізілді
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15-тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» №62-қаулысына өзгерістер енгізілді.
Жұмыс күндері:
— бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 09:00-дан 22:00-ге дейін рұқсат берілсін;
— отырғызу орындарының жалпы санынан 50% — дан артық емес толтырылуы, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;
— ашық алаңдағы аттракцион қызметіне тыйым салынсын;
— сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;
Демалыс күндері:
— «үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне тыйым салынсын;
— саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) тыйым салынсын.