Әкім онлайн қабылдады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды онлайн-форматта қабылдады, — деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек мәселесі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойды. Облыс әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді қала мен аудан әкімдеріне және тиісті басқармаларға жүктеп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ, тұрғындарға мәселелердің шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.