Арнаулы көліктер Азғыр өңіріне аттанды
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың қолдауымен Құрманғазы ауданына берілген бес жедел жәрдем автокөлігінің үшеуі ауданнан шалғай жатқан Азғыр өңіріне жіберілді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Аталған Газель «Соболь» маркалы жедел жәрдем автокөліктері Сүйіндік, Асан, Азғыр ауылдық округтерінің дәрігерлік нысандарына табысталды. Бұнымен қоса, аталған үш округтің ветериналық дәрігерлеріне де қызметтік жаңа автокөлік берілді.
Бірақ алыс ауылдарға жасалған жақсылық мүнымен біте қоймады. Ауылдық округтердің техникалық базасы үш бірдей 10 тонналық жаңа ассенизатор ваккум автокөлігімен толықты.
Жаңа көліктердің кілті әр округ әкімі мен сала басшыларына табысталды. Енді жаңа көліктер ауылдық округтің қажеттіліктеріне қызмет көрсететін болады.