Бекіретұқымдас балық және уылдырықпен ұсталды
Республикалық маңызы бар тас жолда 90 келіге жуық заңсыз бекіре тұқымдас балық тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
8 желтоқсан күні Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау–Доссор тасжолында күдік тудырған 1971 жылы туған қала тұрғының басқаруындағы Lada Vesta автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көліктен салмағы 84,9 келі тартатын 27 дана бекіретұқымдас балық және 1,9 келі бекіретұқымдас балығының қара уылдырығы табылды. Аталған дерек негізінде ҚК-тің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.