«Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына енгізілетін түзетулер мақұлданды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында мақұлданды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Заң жобасы «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 597 Жолдауын іске асыру мақсатында азаматтардың бірігу құқығын кеңейту бөлігінде әзірленген.
Нормаларға сәйкес, енді қоғамдық бірлестікті құру үшін үш адамнан құралған топ жеткілікті болады. Сондай-ақ заң жобасы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруімен байланысты түзетулер енгізуді (жаңа облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды құру) көздейді және Заң жобасынан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қайталанатын нормалар алынып тасталады.
Аталған нормаларды қабылдау азаматтардың ҚР-ның Конституциясында белгіленген бірігу құқығын одан әрі іске асыруға ықпал етеді. Жалпылай алғанда, аталған норманы қабылдау қоғамдық бірлестіктерді тіркеу процесін жеңілдетеді және үкіметтік емес секторды дамыту тұрғысынан Қазақстанның халықаралық имиджін жақсартады.