Жылыойда жедел жәрдем көліктері табысталды

Жылыой аудандық орталық ауруханаға 5 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған жаңа жедел жәрдем көліктері ауданға қарасты Майкөмген, Ақкиізтоғай, Тұрғызба ауылдарына, Теміржолшылар ықшамауданына және орталық емханағ пайдалануға берілмек.

Ауданның медициналық мекемелеріне берілген жедел жәрдем көліктері алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетуді жақсартуға, денсаулық саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға оң әсерін тигізері анық.

Жаңа «Газ-Соболь» автокөліктерінің ерекшелігі жол талғамай, құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Науқастар тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, биыл Жылыой ауданының медицина саласы 19 дәрігермен толықты. Олардың ішінде стаматолог, эндокринолог, уролог, невропотолог, статист, фармацевт, терапевт, анестизиолог-реаниматолог, отолоринголог, эндоскопист және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бар.