Әлем - 13.12.2023

Байден: Израильді қолдайтындар азая бастады, Нетаньяху өзгеруге тиіс

АҚШ президенті Джо Байден 12 желтоқсанда Газа секторын көзсіз атқылай берсе, Израильді қолдайтындар азаяды деп мәлімдеді. АҚШ президенті премьер-министр Биньямин Нетаньяху өзгеруге тиіс деді. Reuters Байденнің осы сөзінен АҚШ пен Израиль көзқарасындағы қарама-қайшылықтар байқалады деп жазды.

Reuters-тің жазуынша, Газа секторында соғыс басталғалы бері Байденнің Израиль премьер-министріне қатысты айтқан «ең қатты сөзі» осы.

– Израиль АҚШ қолдауына арқа сүйей алады, бірақ қазір Израиль Вашингтоннан бөлек те кең қолдауға ие. Израильді Еуропа одағы, әлем елдерінің бірқатар бөлігі қолдайды. Алайда бұл қолдау көзсіз атқылау мен бомбалауға қатысты азая бастады, – деді Байден.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ХАМАС шабуылына жауап берген Израильдің қарсы шабуылынан 18 мыңға адам қаза болған, 50 мыңнан астам адам жарақаттанған. Осының салдарынан аймақта гуманитарлық дағдарыс туындаған.

 

Азаттық радиосы