Республикадағы өнеркәсіп өнімінің 24 пайызы – Атырау облысынан

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз брифингін өткізді. Аймақ басшысы өз баяндамасында өнеркәсіпті дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

– 2023 жылдың қаңтар–қазан айларында өңірдегі өнеркәсiп өнiмiнің көлемi өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға өсіп, 9,1 трлн теңгені құрап отыр.Оның ішінде 8,4 трлн теңгесі тау-кен өндіру өнеркәсiбiне тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібінде 563,8 млрд теңге өнім өндірілді. Сонымен қатар, 43,9 млн тонна мұнай, 22,7 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндiрілді немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай өндіру 6,3 млн тоннаға және ілеспе мұнай газын өндіру 2,5 млрд текше метрге көбейді. Жалпы республикадағы өнеркәсіп өнімінің 24 пайызы Атырау облысына тиесілі, – деді С.Шәпкенов.