Биыл Атырауда жаңа 10 мектеп жұмысын бастады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде аймақта пайдалануға берілген мектептер туралы айтты. Оның айтуынша, биыл 12 340 оқушыға арналған 10 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
– Жыл соңына дейін 1 200 оқушыға арналған тағы 1 мектеп ашылады. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 15 600 оқушыға арналған 9 мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы 9 200 оқушыға арналған 3 мектептің құрылысын бастап, 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары жергілікті бюджет есебінен 50 мектепке қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал осы жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін 6 мектепте, 2024 жылы 1 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады, – деді Серік Шәпкенов.
Сонымен қатар, осы жылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 23 автобус сатып алынды.