Қарттарға құрмет көрсетілді

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанындағы «Дарын» ер балалар хоры №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, өнер көрсетті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдегендей, елімізден бөлек, алыс-жақын шет ел көрермендерін өзіндік бояуы бар күміс көмей дауыстарымен мойындатып үлгерген хор ұжымы қазақ, орыс, ағылшын әндерін шырқады. Хор жетекшісі әрі дерижері – ҚР Белім беру ісінің Құрметті қызметкері, Мәдениет саласының үздігі Алтын Жұматина қарттардың көңілінен шығу үшін қазақ әндері мен күмбірлеген күйлерді бағдарламаға қосқан. Бір сағатқа жуық ұсынылған өнерпаздардың тартуы қарттардың көңілінен шығып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығын 109 қария мекен етеді.