Әлеумет - 06.12.2023

Азық-түлік бағасының негізсіз өсуі – маңызды мәселе

Азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол бермеу бойынша өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында кешенді іс-шаралар қабылданып, бірқатар жоба іске асып жатыр. Осыған орай Атырау облысының өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі бойынша «Атырау» ӘКК» АҚ жеке кәсіпкерлермен келісім-шарт жасасқан еді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Мәселен, Қызылқоға ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 14 түрін шекті мөлшерде сатуға «Дидар» және «Бәйтерек» маркеттерінің иесі, жеке кәсіпкер Қайрырбек Баймұратов келісім берген.

– Кәсіпкерге тиесілі дүкендерде азық-түліктің құны нарықтық құнынан 10% пайызға төмен. Арнайы сөрелерде орналасқан азық-түлік бағалары шекті және шекті бөлшек сауда мәндерінен төмен бағамен сатылуда. Тауарлардың бағасына апта сайын зерделеу жүргіземіз, – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы З.Сарбуфеева.

«Бәйтерек» және «Дидар» азық-түлік маркеттерінің сөрелерінде бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны 90, макарон 330, қарақұмық жармасы 350, тазартылған күріш 473, картоп 130, сәбіз 180, пияз 120, күнбағыс майы 625, тауық еті 1090, сиыр еті 2300, майлылығы 2,5% болатын жұмсақ қаптамадағы айран 340, сары май 4000, тауық жұмыртқасы 58, ас тұзы 75 теңгеден сатылып жатыр.

Қызылқоға ауданында жалпы 110 азық-түлік дүкені тіркелсе, оның ішінде үй маңындағы дүкендер саны – 46. Сәйкесінше, апта сайын 75 дүкенге мониторинг жасалады.