Білім - 01.12.2023

Электронды кітапханада – «Ұлы дала ағартушылары»

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Нақтырақ айтқанда, электронды кітапхананың тізімінде Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова секілді т.б. ағартушылар бар. Электронды кітапханадан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Онда барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.

Онлайн кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта да білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

Қазіргі таңда бұл жүйені пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады. Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/  сайтынан көруге болады.