Серік Шәпкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-пікірін тыңдады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, еңбек дауын шешу сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Тұрғындармен кездесуге жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының өкілі қатысты. Олар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті кеңес берді.
Серік Шәпкенов жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін тиісті сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғынүймен қамтамасыз етуді сұрады. Оларға баспана заң аясында кезек бойынша берілетіні түсіндірілді.
Облыс әкімі бүгінге дейін 56 қабылдау өткізіп, 900-ден астам тұрғынды қабылдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 300-ден астам тұрғын жеке қабылдауға келді.