Денсаулық - 30.11.2023

Мақат ауданында қызылша ауруын 59 адам жұқтырған

Мақат ауданы әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлының төрағалық етуімен, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманының қатысуымен «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандағы ахуал талқыланып, тиісті тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сенсек, бүгінде Мақатта қызылша ауруын жұқтырған 59 адам тіркелсе, оның 41-і – балалар. Сонымен қатар, олардың көбі, яғни науқастардың 54-і қызылша ауруынан құлан-таза айыққан.

Ал аурудың алдын алу бағытында аудандық аурухана екпе егу жұмыстарын сенбі және жексенбі күндері ұйымдастырмақ.