Қызылқоғада қызылша болуы мүмкін деген болжаммен 67 науқас тіркелді
Қызылқоға ауданында биыл қызылша болуы мүмкін деген болжаммен 67 науқас тіркелген. Оның ішінде бір адам мамыр айында, бір адам тамыз айында тіркелсе, қалған науқастар қазан (24), қараша айларында (41) тіркеліп отыр. 1 жасқа толмаған балалардың саны – 19, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
1–14 жастағы науқастардың саны 26 болса, тағы жеті адам жасөспірімдер арасынан шығып отыр. Сондай-ақ, 15 ересектен де аурудың белгілері байқалған.
– Аурудың алғашқы кезеңінде науқас адамда жалпы әлсіздік, бастың қатты ауыруы білінеді, ұйқы бұзылады және тәбеті нашарлайды. Дене температурасы көтеріледі және ол қызылшаның ауыр түрі кезінде 40°С-қа жетуі мүмкін. Аурудың алғашқы күндеріақ адамда шырышты бөлінділері бар қатты тұмау, тұрақты құрғақ жөтел, қабақтардың ісуі, конъюнктивит байқалады. 3-8 тәуліктен кейін науқастың денесінде біртін деп ағып кететін ашық түсті дақты-папулезды экзантема пайда болады. Қазіргі таңда аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 8 науқас ем қабылдауда, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатқандар саны – 16, – деді аудандық аурухана директоры Айнұр Тілемісова.
ҚР денсаулық сақтау министрлігі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №7 «қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысына сәйкес аудан бойынша қосымша иммандау республика бойынша 6 қарашадан басталса, ауданда 20 қарашадан басталған. Қазіргі қосымша иммундаумен 6 ай – 11 айға дейінгі балаларға 44 екпе салынды.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, ауданда қызылшамен ауырған 26 баланың 10-ы, яғни, 57,7%-ы екпе алмау салдарынан қызылшамен ауырып отыр.