«Құқықтық тәртіп»: жол ережесін бұзған 150-ге жуық жүргізуші анықталды
20–30 қараша аралығында Атырауда қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қадағалау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында республикалық маңызы бар тасжолдарда Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 149 жолда жүру ережесін бұзған жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 7, сақтандыру полюсінсіз көлік басқару 8, жүргізуші куәлігі жоқ күйде автокөлік жүргізген 3 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, стандартқа сай емес лэд, ксенон жарық шамдарын орнатқан 9 жүргізуші анықталды. Аталған іс-шара бойынша патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қала сыртындағы тасжолдарда жүргізушілерге түсіндірме және ескерту жұмыстарын күнделікті жүргізетін болады.