Былтырғымен салыстырғанда, азық-түлік аз сатылған

Жыл басынан бергі 10 айда еліміздегі бөлшек сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 6,9% көбейді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Статбюроның есебінше, қазіргі өсу қарқыны 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш (ол кезде 12,3% көбейген). Өсімге негізгі үлесті Шымкент қаласы қосты: +19,3%. Қала үшін бұл жеке статистика сақталатын бүкіл уақыт үшін де максималды көрсеткіш.

Бұл ретте жалпы рекордтық көрсеткішке азық-түлік емес тауарлар саудасы қол жеткізді: ол 14,7% көбейген, ал азық-түлік, керісінше, аз сатылды (-6,2%). Әсіресе, Батыс Қазақстан облысында азық-түлік бөлшек саудасы 34,9%, 113 млрд теңгеге дейін күрт төмендеген. Облыс халқының санын есептесек, бір адамға бір айда азық-түлікке 16 мың теңгедей ғана кетеді деген сөз.