Қала ішіндегі қақтығыс: бір адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

Бүгін сағат 22:00 шамасында Махамбет Өтемісұлы және Сырым Датұлы көшелерінің қиылысында Lada Granta көлігі мен шағын мотокөлік соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйене отырып хабарлайды.

Атырау облыстық полиция департаменті таратқан мәлімдемеде 7 қараша күні сағат 22:00 шамасында Махамбет Өтемісұлы және Сырым Датұлы көшелерінің қиылысында мопед көлік құралы мен «Лада Гранта» автокөлігі соқтығысып, жол апаты болғаны айтылады.

Соның салдарынан мотокөліктің 1993 жылы туған жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, екі техникаға да материалдық шығын келген. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Фото және видеода мотокөлік иесінің тапсырысты тұтынушыға жеткізіп беру қызметінде жүргені байқалады.