Жаңалықтар - 16.10.2023

Атыраулық полицейлер 5 қабаттың балконына мінген мас адамды құтқарды

15 қазан күні, сағат 04:55 шамасында 102 операторына Береке ықшам ауданында орналасқан пәтердің тұрғыны, көршісі мас күйде тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама берген.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полицейлер 5 қабатқа шығып, жартылай жалаңаш тұрған 1988 ж.т. тұрғынды құтқарып қалды. Өз әрекетін 35 жастағы азамат алкогольдік мас күйде жасағанын, өкінетіндігін жеткізген. Сараптама қорытындысы бойынша оның мас күйде екендігі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен, яғни түнгі тыныштықты бұзу дерегі бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік,  Атырау облысы аумағында 16-20 қазан күндері аралығында қоғам тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

— Егер сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз, 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз, дейді облыстық ПД өкілдері.

 

Фото kiev.sq.com.ua сайтынан алынды.