Жаңалықтар - 27.09.2023

Сағыз ауылының тұрғындарына 225 жер телімі беріледі

Сағыз ауылында 225 жер теліміне инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толық аяқталып, жер телімдерін беру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» порталы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, 225 жер телімі газ, су, электр желілерімен толық қамтылған. Бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған  азаматтардың құжаттары жинақталып жатыр.

Айта кетейік, Сағыз ауылдық округінде 8211 тұрғын тіркелген болса, бүгінде оның 850-і жер кезегінде тұр.