Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының лауазымына Әлібек Максимұлы Мұханбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев таныстырып, абыройлы қызмет тіледі.
Әлібек Мұханбеталиев 1984 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы бизнес саласында бастап, 2007 жылға дейін қызмет атқарды.
2007-2020 жылдары аралығында бюджеттік мекемелерде басшы лауазымдарда жұмыс істеген.
2020-2023 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, басшысы.
2023 жылдан бастап осы тағайындалғанға дейін Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметінде болды.