Алматы қаласында жер сілкінді
«Жер асты дүмпуін Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық стансылар желісі 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 06:57-де тіркеді» деп хабарлайды»Батыс-Инфо» ақпараттық порталы.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 149 км. жерде, Кеген ауданының аумағында Алғабас ауылынан 58 шақырымда таулы аймақта орналасқан» делінген ресми хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3, магнитудасы MPV 4,6. Тереңдігі 20 км.
«Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселденқорғауға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарға хабарлады, аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ» деп атап өтті Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Фото aa.com.tr сайтынан алынған.