Жол қауіпсіздігі – жүргізушінің жауапкершілігінде
Атырау облысы аумағын қиып өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарда жыл басынан бері 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 33 адам қаза тауып, 57 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің басып озу ережесін бұзуы және жылдамдықты шамадан тыс асыруы болып отыр. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Тасжолдарда жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы қызметкерлері әртүрлі рейд жұмыстарын жүргізуде. Соңғы уақытта Атырау облысында жол-көлік оқиғасы көбейіп, бүтіндей бір отбасы қаза тауып отыр. Жол-көлік оқиғалары жүргізушінің қауіпті аймақта басып озуға тыйым салынған жол белгісіне қарамай, жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығу себебінен болуда.
Жыл басынан бері партульдік полиция ротасы қызметкерлері тасжолдарда жылдамдық режимін сақтамаған 12 809, басып озу ережесін бұзған 611 жүргізушіні анықтап, тиісті шараларын қолданған.