Баланы байлап әкеткен әйелдің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Қарғалыдағы баланың аузы мен қолын байлап, қараусыз жерге апарған әйел көршісі болып шықты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады» деп жазды Д.Зәкиева.