АТЫРАУЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ОҚ ЖАРАҚАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
BatysInfo, 21 қазан — Атырауда жасөспірімдер арасында туындаған келіспеушілік салдарынан 21 жастағы жас жігіт көз жұмды.
Бүгін, Атырау қаласында жасөспірімдер арасында дау туындап, нәтижесінде қарудан оқ атылып 2001, 2004 және 2005 жылғы жарақат алған жігіттер ауруханаға жеткізілді. 2001 жылғы жігіт жарақат әсерінен көз жұмған. Тағы екеуі түрлі дене жарақатымен дәрігерлер қарауында.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Даудың неден туындағаны әзірге белгісіз.