Атырау облысының 225 мың тұрғыны COVID-19 вакцинасының екі компонентімен егілді

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 359 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 18 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 246 965 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 225 322 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 — 02 — 92