Шалқардың атына қоян-қолтық ұрыс турнирі ұйымдастырылды

17 наурыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының және Атырау облысының Динамо дене шынықтыру спорт қоғамының ұйымдастыруымен қызмет бабында қаза тапқан Шалқар Көшкінбайұлының атына Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлерінің арасында қоян-қолтық ұрыс турнирі өткізілді.

Жекпе-жек сайысқа Атырау облысының полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында халықаралық спорт шеберлері, әлем және азия чемпиондары қатысты.

– Турнирде командалық есептің қорытындысы бойынша ​бірінші, екінші, үшінші орын алған спортшыларға арнайы алғыс хаттарды табыстады.

2019 жылғы 21 наурызда адамзаттың өмірін аман сақтаймын деп, еліне адал қызмет үстінде жанын қиған полиция қызметкерлері Шалқар Ақымғалиевтің есімін әріптестері әркез құрметпен еске алып, тағзым қылады, –делінген демартамент таратқан хабарламада.

Атырау облысы Полиция Департаменті басшылығы​ ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің анасы Ләззат Мәженқызына елге батыр ​ ұрпақ әкеліп​ тәрбиелегені үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын табыс етті.