Құрманғазы ауданында – жаңа әкім

ҚР Президентінің әкімшілігі, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың келісімімен Құрманғазы ауданының әкімі болып Марат Мурзиев тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
⠀⠀
Марат Бисенғалиұлы 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін үздік бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2017 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.