15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды
Атырау облысының Жылыой ауданында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды.
Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 12 наурызда аудан орталығы – Құлсары қаласында жедел іс-шаралар жүргізген. Іс-шара кезінде пәтер ұрлығы қылмысына күдікті 1995 және 1994 жылы туған екі тұрғын ұсталды. Олар – Құлсары қаласының тұрғындары.
– Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында тіркелген 15 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, күдіктілерден алтын бұйымдар мен электрондық техника табылып, тәркіленді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.