Өңірде 721 педагог «Спутник V» вакцинасын алды
9–15 наурыз аралығында өңірдің 1 095-тен астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өңірде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жалғасуда. 9–15 наурыз аралығында 1 095 адам вакцинацияланды.
– Олардың ішінде 721 педагог, 344 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші және бір полиция қызметкері бар, – деп нақтылады баспасөз қызметінен.