Облыста алғашқы полицейге вакцина салынды
Өңірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бұл туралы атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәселен, 9–13 наурыз аралығында облыста барлығы 895 адам вакцинацияланды.
– Оның ішінде 556 мұғалім, 316 медицина қызметкері, 22 мемлекеттік қызметкер және 1 полицей, – басқарманың баспасөз қызметі.