Мүфтият соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдірді
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров «Facebook» желісіндегі парақшасында жазды.
– Алматыда орын алған жағдайға байланысты бір ауыз пікір…
Алла Тағала адам баласын көркем бейнеде жаратып, оларды ер мен әйел жынысына бөлді.
Бұл туралы Алла Тағала Құранда былай баяндайды: – Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың. Шүбәсіз, Алла толық білуші, бәрінен толық хабардар болушы.
Ер мен әйелдің өзіне тән қасиеттері, ерекшеліктері бар. Алла Тағала әйелдің жаратылысын нәзік, сезімтал, ал ер адамды күшті, қуатты етіп жаратты. Әйелдің еркекке, ал еркектің әйелге еліктеуі дұрыс емес. Мұндай қылыққа барған адам Құдайдың ашуын туғызады, көпшіліктің қарғысына ұшырайды.
– Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (сөйлеген сөзінде, жүріс-тұрысында, киім киісінде, боянуында) әйелдерге ұқсағысы келген ерлерді, ерлерге ұқсағысы келген әйелдерді лағынеттеді, – деп келетін хабар да бар.
«Шариғат және пәтуа бөлімі», – делінген жазбада.