Атырау «сары» аймақтан шықты
15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.
Атырау облысы «сары» аймақтан «жасылға» ауысқан.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
«Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.
Өткен тәулікте, Атырау облысында 41 адам коронавирус індетіне шалдығып, 19 адам емделіп шыққан.