Абужақынова Абиба Азия Кубогінің жеңімпазы атанды
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 13–14 наурыз күндері Ақтау қаласында Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азия ашық кубогі өтті. Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге алты елден 200-ге жуық татами шебері қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 48 келіде Абужақынова Абиба чемпион атанды. Ол іріктеу кезеңдеріне Ресей мен Өзбекстан елінің өкілдерін ұтса, ақтық сында тағы бір ресейлік спортшыдан басым түсті.
Ерлер арасында 66 келі салмақта Амангелді Ермек қола жүлдеге ие болды.