Атыраулық оқушылардың жетістіктері

Атыраулық оқушылар Еуропалық олимпиадаға іріктеуде жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

6–7 наурызда өткен математикадан қыз балаларға арналған Еуропа олимпиадасының (EGMO) республикалық іріктеу кезеңінде оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.

— «Дарын» РҒПО мен «РФММ» КеАҚ бірлесе өткізген онлайн іріктеуге Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернатының екі оқушысы — Жадыра Аманжолова мен Эльнур Қабес қатысып, еліміздің барлық аймағынан қатысқан 39 оқушының ішінен 7–8-орындарды иеленді.

Жерлестеріміздің мұндай үлкен додада осындай орындардан көрінуі өте тамаша нәтиже, — делінген басқарма баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Айта кетелік, жалпы  математикадан қыз балаларға арналған Еуропа олимпиадасы (EGMO) 2012 жылдан басталғанмен, тез арада танымал болып, Еуропаның шеңберінен шығып кетті.

Мысалы 2019 жылы Еуропа олимпиадасына қатарында АҚШ, Канада, Жапония, Үндістан, Мексика секілді өзге құрлықтағы мемлекеттер бар 49 елден 200-ге жуық оқушы қатысқан еді.