Өңірде 40 адамнан Covid-19 анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

Олардың төртеуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 35 жұмысшы, Құрманғазы ауданынан 1 адам тіркелген.

Инфекция жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Сондай-ақ, кеше өңірде 27 адам қауіпті індеттен жазылып шықты.

Қазіргі уақытта, 101 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 67, аудандық инфекциялық стационарларда – 18, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 263 науқас оқшауланып ем қабылдауда.

Коронавирус індетінің таралу көрсеткіші бойынша Атырау облысы бүгін де «сары» аймақта.