Қазақстанда қанша адам вакцина алды?

Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамға коронавирусқа қарсы екпе салынғанын мәлімдеді.

9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 33 279 адам бірінші компонентпен, 15 856 адам екінші компонентпен егілді.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда 6 млн. адамға КВИ-ге қарсы вакцина салу жоспарланып отыр.

Бұл ретте ресейлік «Спутник V» екпесі және отандық «QazCovid-in» вакцинасы қамтылмақ.