Пандемияға байланысты елімізде 13 бизнес түрі қызметін тоқтатқан

«Хабар 24» хабарлауынша, мамандар осындай мәлімет келтірген.

Әсіресе, банкеттік залдар, фудкорд сынды қоғамдық тамақтану орындары әлі күнге жұмысын бастай алмай отыр. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, кәсіпкерліктің бұл сегментінде 95 мыңнан астам бизнес нысаны тіркелген.

Алайда індет салдарынан соның 50%-і мүлде жабылып қалған. Бүгін «Атамекен» ұлттық палатасы өкілдері, кәсіпкерлер мен сауда саласының мамандары шағын және орта бизнесті демеу мәселесін талқылады. Тығырықтан шығудың бір жолы ретінде «Ашық» жобасын пайдалану ұсынылды. Пилоттық негізде іске асып жатқан бастама аясында тамақтану орындарының да жұмысын жандандыру көзделген. Бұдан бөлек, кәсіп иелеріне коммуналды қызмет, несиені субсидиялаумен қатар атаулы көмек беру де қарастырылған.

– Қазір бұл жұмыстар Үкіметпен пысықталуда, – дейді құзырлы орган өкілдері.