Теміржол билеттері қымбаттады

1 наурыздан бастап елімізде барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттерінің бағасы 7 пайызға көтерілді.

– Тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ға артады, – делінген «Жолаушылар тасымалы» компаниясы таратқан ресми хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз мемлекет тарапынан судсидияланады.