Covid-19: +24; -55

Өткен тәулікте өңірде 24 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан 4 адам Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 19 жұмысшы, Жылыой – 1, Индер ауданынан 2 адам тіркелген. Олардың жетеуінде ауру симптомды түрде өтуде.

Сондай-ақ кеше, коронавирус инфекциясынан 55 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 105 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 61,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 17, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 242 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы – «жасыл» аймақта.