Бір жылда полицияға 840 әйел арызданған
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр отбасында зардап шеккен 840 әйелден арыз түскен. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 1 318 әйелге қатысты жасалған құқықбұзушылық анықталған.
– Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесіне 79 адамды орналастырды. Оның ішінде 25 әйел мен 54 жасөспірім бар. Қазір аталған бөлімшеде 4 әйел адам мен 8 жасөспірім тұрып жатыр. Бөлімшеден 450 (116 заңгерден, 55 психологтан және 279 әлеуметтік қызметкерден) әйел адам құқықтық кеңес алды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері мен волонтерлердің қатысуымен тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әрекет ету алгоритмін түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Полицейлер «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесінен шыққан адамдардың тұрмыстық жағдайын тексеру үшін локальды-рейдттік іс-шаралар өткізілген.