Бір үйден 5 студенттің мәйіті табылды
Ташкенттің Юнусабад ауданында жеке үйде бірге тұрған үш университеттің бес студенті қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Өзбекстанның бас прокуратурасының мәліметінше, олар белгісіз заттан уланып қалған.
Бес студенттің мәйіті 27 ақпан сағат 20:50-де табылды.
– Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, студенттер белгісіз заттан уланып қалған, – делінген ақпаратта.
Юнусабад ауданының прокуратурасы студенттердің қайтыс болу фактісі бойынша «бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.