Әлем - 26.02.2021

300 баланы ұрлап әкетті

Нигерияның солтүстік бөлігіндегі Джангебе қаласында қаруланған адамдар мемлекеттік мектеп-интернаттың 300-ден аса оқушысын ұрлап әкетті. Болған жайт туралы мұғалімдер мен ата-аналар полицияға айтып берген. Бұл туралы Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, қаруланған адамдар түнгі уақытта мектепке басып кірген. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің формасын киіп алған адамдар жол талғамайтын көлікпен және мотоциклдермен келіп, 300-ден аса оқушыны көшеге шығарып, көлікке отырғызып алып кеткен.

Жергілікті билік оқушылар ұрланғаны туралы ақпаратты растады.

– Белгісіз қарақшылар атыс шығарып, қыздарды алып кетті. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, олар көлікпен келіп, студенттерді алып кетті, ал кейбірін жаяу алып кеткен, – дейді Замфара штатының ақпарат жөніндегі комиссары Сулейман Танау Анка.