ММА-ден атыраулықтар жүлделі оралды

18–21 ақпан күндері Алматы қаласында ММА-ден ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Берғали Бауыржан бастаған Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

70,3 келі салмақта Неймат Асадов 5 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ақтық сында СҚО спортшысынан басым түсті.

52,2 келі салмақта Ерұлан Қабдулов 4 кездесу өткізіп, ақтық сында екі дүркін әлем чемпионы, ақтөбелік Бағдат Жұбанышқа есе жіберді. Осы салмақта тағы бір қола жүлдені Бердібек Сиражев еншіледі.

56,7 келіде Ақылбек Гарифуллин мен 83,9 келіде Рафхат Тоқтар үздік үштікті түйіндеді.